Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 77/7, Есентай Тауэр БО, 11 қабат.

Жаңалықтар

"Исткомтранс" Өзбекстан мен Қытайда Өкілдік ашады

2021 жылғы 1 маусымда Қазақстан мен Орталық Азиядағы жылжымалы құрамның ірі жеке операторы "Исткомтранс" ЖШС Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өкілдіктің ашылғаны туралы хабарлайды.

Ташкент кеңсесі Өзбекстан аумағында компанияның мүдделерін ұсынатын және интермодальдық тасымалдардың құзыретін күшейтуге бағытталған ұсыныстарды қалыптастыратын болады. Өкілдіктiң клиенттеріне компания ұсынатын қызметтердің толық спектрі қол жетімді болады, бұл транзиттік тасымалдар көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Осының алдында 2021 жылдың сәуір айында "Исткомтранс" Қытайда, Шанхай қаласында өкілдігін ашты.

"Исткомтранс" ЖШС Бас директорының коммерция және даму жөніндегі орынбасары Виктор Ивановтың айтуынша: "филиалдық желіні кеңейтудің негізгі мақсаты – тасымалдау географиясын кеңейту, бұл Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу жолындағы жоспарлы қадам болып табылады. Қытай мен Өзбекстан көліктік-логистикалық нарықты дамытуда үлкен әлеуетке ие.

Біз клиенттерге олардың міндеттерін шешу үшін оңтайлы нұсқаларды ұсынуға және жүк жөнелтушілер арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге ұмтыламыз.»

Бізге хат жазыңыз eastcom@ect.kz немесе қоңырау шалыңыз +7 (727) 3 555 111

Егер Сіз тапсырыс қалдырғыңыз келсе немесе Сізде сұрақтар туындаса, өтінеміз, бізге хат жазыңыз.

Компания туралы

«Исткомтранс» ЖШС Қазақстанда және Орталық Азияда жылжымалы құрамның аса ірі жеке операторы.

Байланыстар

Алматы қ.,
әл-Фараби даңғылы 77/7, Есентай Тауэр БО, 11 қабат.

+7 (727) 3 555 111
+7 (727) 3 555 222